Румыниядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында қазақ халқының рухы мен тарихы таныстырылды

Румыниядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында қазақ халқының рухы мен тарихы таныстырылды

21.08.2020 жыл - Клуж-Напока. Бүгін Клуж-Напока қаласында 2020 жылғы 21-23 тамыз аралығында өтетін Қазақстан мәдениеті күндерінің ашылу салтанаты өтті.
Қазақ мәдениеті туралы танысуға Румынияның қоғамдық және саяси қайраткерлері, академиялық қоғамдастықтың, іскер топтардың және БАҚ өкілдері өз қызығушылықтарын білдірді.
Өз сөзінде Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов: «Осы іс-шара Румыния жұртшылығына еліміздің бай мәдениеті, дәстүрлері мен тарихы туралы көбірек білуге ​​керемет мүмкіндік береді. Сонымен бірге Абай шығармашылығы екі халықты жақындастырудың маңызды буыны бола алады», - деп атап өтті.
Өз кезегінде Клуж-Напоканың мэрі Эмиль Бок «Мәдениет күндері Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына айтарлықтай үлес қосады. Бұл шараның ауқымдылығы әсерлі болып және қазірдің өзінде көптеген қала тұрғындарының назарын аударды» деп атап өтті.
Сондай-ақ іс-шара Румынияда тұратын жас, талантты қазақстандық суретші Алуа Тебенованың көрмесінің ашылуымен өтті. Қазақстан Елшісі Н.Рүстемов «өз туындылары арқылы еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы баяндайтын Алуа Тебенова сияқты шетелде дарынды жастардың өкілдеріне қолдау көрсету өте маңызды», - деп атап өтті.
Қазақстандық киноларды аншлаг күтілуде, себебі, румын жұртшылығы отандық «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Шыңырау» және «Құнанбай» фильмдерінің көрсетіліміне барлық орындарды алған болатын.
Мәдени бағдарламаның маңызды элементі және оның жарқын аяқталуы 23 тамызда өтеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұлы қазақ ақынның шығармалары Румыниялық камералық оркестрімен ойналатын болады.

Клуж-Напока – Румынияның ірі экономикалық, әкімшілік және мәдени орталығы. Елдегі екінші үлкен, аймақтағы көне қалалардың бірі және Еуропадағы ең қонақжай болып саналады.
Клуж-Напоканың бай мәдени мұрасы бар (көптеген сарайлар, қамалдар, ботаникалық бақтар, мұражайлар мен саябақтар). Қалада джаздан қазіргі заманғы эстрадаға дейінгі барлық жанрдағы концерттер, сонымен қатар театрландырылған қойылымдар үнемі өткізіліп тұрады. Айтпақшы, қалада жыл сайын «Untold» атты электронды музыка фестивалі өтеді, оған жыл сайын 400 мыңға жуық адам қатысады.