
29 қараша күні Бухаресттегі Ұлттық музыка университетінде Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі ұйымдастырған және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды мәдени
іс-шара өтті. Кешке румын қоғамының өкілдері, дипломаттар, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Айта кететін жайт, а.ж. 12 қарашасында Бухарестте Қазақ ұлттық өнер университеті мен Румыния Ұлттық музыка университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы келісімнің алғашқы қадамы ретінде ерекше екі рояльда орындалған концерт өткізілді. Бұл бірлескен жоба екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтудың символына айналды.
Кешті Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Е. Әли ашып, халықтар арасындағы достықты нығайтудағы мәдени алмасудың маңызды рөлін атап өтті. Музыка университетінің ректоры Д.Мош ханымға шынайы ризашылығын білдіріп, музыка мен өнер халықтарды жақындастыратын көпір екенін атап өтті.
Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор әрі пианист Г.Узенбаева және халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Д.Әли өнер көрсетті. Олардың репертуарында қазақ, әлемдік және румын классикалық шығармалары орындалды. Сонымен қатар, фортепиано кешінің маңызды бөлігі ретінде Ұлттық музыка университетінің студенттері
Ш. Претуляк пен А.Мырджиняну музыканттарға аккомпанемент жасап, кештің шырайын аша түсті.
Бұл кеш музыка арқылы ортақ құндылықтарды дәріптеп, Қазақстан мен Румыния арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту жолында маңызды қадам болды.