
2024 жылғы 18-20 қараша, Клуж-Напока – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.Алпысов бастаған қазақстандық делегацияның жұмыс сапары өтті.
Клуж-Напока мэрі Э.Бокпен кездесу барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ инновациялық, технологиялық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.
Қарағанды мен Клуж-Напока қалалары арасында туысқандық қарым-қатынас орнату туралы Меморандумның ережелерін одан әрі іске асыру мүддесі расталды.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Клуж-Напока медициналық және фармацевтикалық университеті арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында білім беру және ғылыми үдерістерді дамытуға ықпал ететін бірқатар негізгі бағыттар бойынша келісімдерге қол жеткізілді.
Техникалық университеттің, Клуж инновациялық паркінің, баламалы энергия және жиһаз өндірісі орталығы, ауыл шаруашылығы және IT кластерлерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті, оның барысында делегация цифрландыру саласындағы компаниялардың соңғы әзірлемелерімен және ақпараттық технологиядарымен танысты.
Сапар нәтижесінде 2025 жылы Қарағанды облысында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру және өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.