
Нұр-сұлтан-Бухарест, 2020 жылғы 13 тамыз – бүгін Қазақстан мен Румынияның ауыл шаруашылығы министрлері арасында бейнеконференция форматында келіссөздер өтті.
Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ КОВИД-19 вирусының әлемдік агроөнеркәсіптік кешенге әсерінің салдарын еңсеру бойынша бірлескен күш-жігерді талқылады.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Румыния әріптесін еліміздің ауыл шаруашылығының жетекші салаларымен (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және т.б.) егжей-тегжейлі таныстырды, сондай-ақ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін жаңғыртуда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Румынияның ауыл шаруашылығы және өңірлік даму министрі Некита-Адриан Орош мал шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан тарапына сүт және тамақ өнеркәсібіндегі румын технологиялар мен "ноу-хау" таныстырылды.
Бұдан басқа, екі елдің ғылыми институттары мен аграрлық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық маңызды бағыт болады.
Сонымен бірге, тараптар ағымдағы жылы Н-А.Ороштың Қазақстанға сапары барысында «Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қояды деп келісті. Сондай-ақ, Н-А.Орошты румын аграршылар делегациясы сүйемелдейді.
ҚР-дың Румыниядағы Елшілігі