
06.06.2023 ж., Констанца 24 тамызда Констанца қаласында (Румыния) Қазақстандық кино күндері сәтті өтті.
Іс-шараны Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі ҚР-ның Констанца қаласындағы Құрметті консулы Корина Мартиннің көмегімен ұйымдастырды.
Кино күндерінің ашылуы және одан кейінгі көрсетілімдер көптеген көрермендерді жинады, олардың арасында қала басшылығы, киносыншылар, бизнес-топтар, Констанца қаласының тұрғындары мен қонақтары болды.
Мамайя алаңында режиссер Ақан Сатаевтың "Ұлы Дала таңы "атты ауқымды тарихи-қаһармандық киноэпосы көрсетілді. Көрермендер XV-XVI ғасырлардағы жұмбақ және әсем даланың жүрегіне қызықты сапарға аттанды, Қасым ханның өз халқының тәуелсіздігі мен болашағы үшін күресін тамашалады.
Ашылу салтанатында Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли мұндай мәдени іс-шаралар румын жұртшылығының Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тереңірек таныстырып, түсінуіне мүмкіндік беретініне үміт білдірді. Ол осындай бастамалар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың нығаюына маңызды үлес қосатынын атап өтті. Елшінің айтуынша, Қазақстан мен Румыния арасындағы географиялық қашықтыққа қарамастан, Астана мен Бухарест арасында берік әрі жан-жақты қарым-қатынастар орнаған және олар әрі қарай да дамып келеді.
Сонымен қатар, Құрметті консул К. Мартин өзінің құттықтау сөзінде мұндай іс-шаралардың өткізілуі достықты нығайтып, мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге сөзсіз ықпал ететінін ерекше атап өтті.
Айта кететін жайт, 2017 жылдан бастап жыл сайын қазақстандық кино күндері Констанца және Клуж-Напока қалаларында өткізіледі.