Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ ПА 31-ші жыл сайынғы сессиясына қатысуда

Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ ПА 31-ші жыл сайынғы сессиясына қатысуда

Бухарест, 2024 ж. 29 маусым,– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан және Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Айнұр Арғынбековадан тұратын Қазақстан Республикасының парламенттік делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) 31-ші жыл сайынғы сессиясына қатысуда.

Іс-шара «Заманауи қауіпсіздік архитектурасындағы ЕҚЫҰ рөлі: парламентарийлердің перспективасы» тақырыбына арналған және 2024 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Румыния Парламенті сарайында өтеді.

Жыл сайынғы сессияда талқыланатын басқа да маңызды тақырыптар арасында:

  • Таяу Шығыстағы жағдай;
  • климаттың өзгеруі және су тапшылығы;
  • фентанил және басқа синтетикалық опиоидтардың таралуымен күресу;
  • ЕҚЫҰ аймағындағы ансемитизм;
  • сыбайлас жемқорлық және сыртқы саясат;
  • көші-қон
  • адам саудасы.

Жыл сайынғы сессияның бағдарламасына ЕҚЫҰ ПА төрағасы Пиа Кауманың (Финляндия), Румыния парламенті басшылығының, ЕҚЫҰ жоғары лауазымды тұлғаларының ашылу сөздері, жанама іс-шаралар, сондай-ақ Ассамблеяның жетекші лауазымды тұлғаларын сайлау кіреді.

Жыл сайынғы сессия 2024 жылғы 3 шілдеде Бухарест декларациясын қабылдаумен аяқталады, онда ұлттық үкіметтерге, парламенттерге және халықаралық қоғамдастыққа қауіпсіздік, адам құқықтары, экономика және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар қамтылады.