
Ағымдағы жылдың 24-26 сәуір аралығында Алматыда Қазақстан туристік жәрмеңкесі (KITF) өтті, оған Румыния алғаш рет Румынияның Қонақ үй шаруашылығын жұмыс берушілер федерациясының (FPIOR) Бас хатшысы және Қазақстан Республикасының Румыниядағы Құрметті консулы. Корина Мартин қатысты. Шара туризм саласындағы тәжірибе, идеялар және инновациялармен алмасу алаңын ұсына отырып, әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылады біріктірді. Қатысушылардың 89% құрайтын елеулі бөлігі шетелдік компаниялардың өкілдері болды, бұл KITF халықаралық маңыздылығын көрсетеді.
Жәрмеңке аясында 2021 жылғы ақпараттық турлардың арқасында Қазақстанмен бұрыннан таныс румындық туроператорлармен кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ Румыния мен Қазақстан билігінің қолдауымен биылғы жылы Румыния мен Қазақстан арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін талқылау мақсатында SCAT әуе компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Бұл жоба екі елдің компаниялары арасындағы іскерлік және сауда байланыстарын нығайтып, туризмді дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Қазіргі уақытта жаңа бағыт бойынша Констанца және Бухарест әуежайларын пайдалану мүмкіндіктері қарастырылуда. Констанца Қазақстан мен Румыния арасындағы іскерлік саяхаттың өсуіне ықпал ететін Кавказ бассейні мен Батыс Еуропа арасындағы жүк тасымалының маңызды көлік торабы болып табылады.
Құрметті консул Қазақстан румын туристері үшін тартымды жерге айналғанын атап өтті, әсіресе, Алматы 2024 жылы The New York Times Travel нұсқасы бойынша қызығушылық тудыратын бағыттардың тізіміне енгеннен кейін. Туристік пакеттер Астана мен Алматыны қамтитын бірегей мәдени тәжірибені ұсынатын ерекше мәдени турларды қамтитын болады.
Сонымен бірге ол Қазақстанның екі ірі қалаларының басты көрікті жерлерін қамтитын және 8-10 күнге созылатын «Қазақстан, Томирис – Ұлы Дала ханшайымы» атты жаңа турын ашқанын хабарлады. Бірінші тур ағымдағы жылдың тамыз айында өтеді деп жоспарлануда, бүгінге дейін Румыниядан 22 турист қызығушылық танытты.
Бүгінгі таңда Румынияда Қазақстанға турлар ұсынатын бірнеше туристік агенттіктер бар, соның ішінде Mistral Tours, Eturia, Paralela 45, Dal Travel сияқты компаниялар. Сонымен қатар, әуе компаниялардың ішінде Румыниядан Қазақстанға ұшудың ең қолайлы нұсқасы – Бухарест пен Констанцадан Стамбул арқылы Астана мен Алматыға рейстерді ұсынатын Turkish Airlines.