
2024 ж. 12 маусым, Бухарест – Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли мен Румыния дипломатиялық институтының Бас директоры Лилиана Попеску-Бирланның кездесуі өтті.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің 2023 жылғы желтоқсанда Румынияға алғашқы сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеу институты мен Румыния дипломатиялық институты арасындағы қол қойған Меморандумды іске асыру барысы талқылау болды.
Тараптар өзара ақпарат алмасу, жобалар мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ сарапшылар алмасу бойынша жұмысты жандандыруға келісті. Атап айтқанда, қазіргі уақытта бейнеконференция арқылы келіссөздер жүргізу мүмкіндігі, сондай-ақ экономикалық дипломатияға, геосаяси жағдайға және аймақтық ынтымақтастықты дамыту қажеттілігіне баса назар аудара отырып, ғылыми жарияланымдар бойынша бірлескен жұмыс талқылануда.
Әңгімелесу барысында Елші сондай-ақ Қазақстанның көпвекторлы, белсенді және прагматикалық сыртқы саясатының негізгі бағыттарын (ШЫҰ-ға төрағалық, Қазақстан мен ЕО және Орталық Азия мен ЕО арасындағы ынтымақтастық, еліміздің ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық қозғалысқа қосқан үлесі және т.б.) атап өтті.