Өңірлік ынтымақтастық Қазақстан-Румыния қатынастарының фокусында

Өңірлік ынтымақтастық Қазақстан-Румыния қатынастарының фокусында

Яссы, 28.05.2024 ж. - Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли жұмыс сапарымен Румынияның негізгі сауда, мәдени, ғылыми және тарихи орталықтарының бірі Яссы қаласына барды.

Қала мэрі Михай Кирикэ және Өңірлік кеңес төрағасы Костел Алексемен кездесулерде Қазақстан мен Румыния аймақтары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланып, экономика, мәдениет, білім және ғылым салаларында әріптестік орнатуға ерекше назар аударылды.

Сауда және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету Сауда-өнеркәсіп палатасының Төрағасы Паул Бутнариумен келіссөздердің басты тақырыбына айналды.

Елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселелерін талқылау мақсатында қазақстандық дипломат Румыния әуежайлар қауымдастығының жыл сайынғы конференциясына қатысты.

Іс-шара аясында Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Қазақстан Республикасының Констанца қаласындағы Құрметті консулы Корина Мартин Нәзір Төреқұлов атындағы медальмен және министрдің Құрмет грамотасымен марапатталды.