Астана күні қарсаңында Бухарест қаласында Нұр-Сұлтан саябағы салтанатты түрде ашылды

Астана күні қарсаңында Бухарест қаласында Нұр-Сұлтан саябағы салтанатты түрде ашылды

2020 жылғы 30 маусымда Румыниядағы ҚР Елшілігі Қазақстан-Румын Іскерлік кеңесі мен 1 сектор мэриясының қолдауымен Румыния астанасының ең көрікті жерлерінің бірінде "Нұр-Сұлтан" саябағын салтанатты түрде ашты.

Саябақтың ашылуы Қазақстан Республикасының Елорда күніне және Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерейтойына орайластырылып отыр.

Осы оқиғаға дейін онлайн бейне байланыс арқылы Есіл ауданының әкімі Нұр-сұлтан Берік Жәкенов пен Бухарест қаласының 1 секторының мэрі Дан Тудораке Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Румынияның ірі кәсіпкерлері, шет мемлекеттердің елшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Елші Нұрбах Рүстемов өзінің алғы сөзінде Елбасының сіңірген еңбегі мен айрықша жеке қасиеттеріне ерекше назар аударды, соның арқасында Қазақстан Республикасы саяси халықаралық аренада жоғары деңгейге жетіп, қазіргі заманғы әлем тарихында лайықты орынға ие болғанын атап өтті.

Баяндамашылар екіжақты қатынастардың дамуындағы оң динамиканы, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан» саябағының ашылуы екі достас халық арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды үлес ретінде қарастырылатын Қазақстан-Румыния қатынастарын тереңдетудегі осындай мәдени маңызды оқиғалардың тарихи маңыздылығын атап өтті.

Анықтама: Қазақстан-Румыния қатынастарына алғашқы серпін Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 және 2007 жылдары Румынияға жасаған сапарлары кезінде берілді. Сол уақыттан бері Румыния Қазақстанға $ 1,7 млрд инвестиция салды, және екі ел арасындағы жылдық тауар айналымы бүгінде $ 1,8 млрд-қа жетті.

 ҚР-дың Румыниядағы Елшілігі