Румынияның Сыртқы істер министрі: Қазақстан – жақсы дос және шынайы серіктес

Румынияның Сыртқы істер министрі: Қазақстан – жақсы дос және шынайы серіктес

Бухарест, 30 сәуір 2024 жылы – Саяси диалогтың жоғары деңгейін қолдау, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты және халықаралық платформалардағы өзара іс-қимылды жандандыру Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли мен Румыния Сыртқы істер министрі Луминица Одобеску арасындағы келіссөздердің негізгі тармақтары болды.

Астана мен Бухарест арасындағы өзара тиімді және жан-жақты серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін білдіре отырып, дипломаттар екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелердің күйі мен тереңдету келешегін талқылады.

Атап айтқанда, алдағы іс-шаралар кестесі, сондай-ақ 2023 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңдарында мемлекет басшыларының қатысуымен өткен келіссөздер және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің 2023 жылғы желтоқсанда Бухарестке алғашқы ресми сапары нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қарастырылды.

Сыртқы істер министрі Л.Одобеску Қазақстан-Румыния қарым-қатынастарының дамуын жоғары бағалады. «Қазақстан саяси диалог белсенді дамып келе жатқан жақсы дос және шынайы серіктес болып табылады және барлық қарым-қатынастар ауқымында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту маңызды», - деп белгіледі министр.

Келіссөздердің жеке тақырыбы Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі жүзеге асырудағы өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтитын екі елдің ынтымақтастығы болды, атап айтқанда, румын дипломаты Қазақстанға Еуропалық Одақтағы, әсіресе ЕО-мен визаны жеңілдету мәселесінде қолдау көрсететініне сендірді.

Сондай-ақ, келіссөздердің маңызды аспектісі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту келешенін, атап айтқанда сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі ҮАК 17-ші отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы көлік және энергетика министрлерінің Румынияға жұмыс сапарлары болды.

Атап өтсек, Румыния 2023 жылдың қорытындысы бойынша 2,9 млрд АҚШ долларын құраған сауда айналымымен Қазақстанның ЕО-дағы ТОП-5 сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Сонымен қатар, 2007 жылдан бері Румыния экономикасына шамамен 4,2 миллиард доллар қаржы салған «ҚазМұнайГаз Интернэшнл» елде табысты жұмыс істеуде.

Кездесу соңында жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша кеңінен пікір алмасу болды.