Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 11-1-4/183 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17089 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 маусымда «Әділет» құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған);
2) «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламеттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 11-1-4/475 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17709 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 маусымда «Әділет» құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі |
|
М. Тілеуберді |