
2024 жылдың 16 қаңтары, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әлидің Румыния Премьер-Министрінің Мемлекеттік кеңесшісі Флорин-Мариан Спатарудың кездесуі өтті. Кездесуге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «KazMunayGas International» (Rompetrol) өкілдері де қатысты.
Кездесу барысында энергетика, жер қойнауын пайдалану және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларға, оның ішінде экологиялық жобаларға соңғы технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Әңгімелесушілер «KazMunayGas International» халықаралық компаниясының қызметі, сондай-ақ қазақстандық энергетика ресурстарын Румынияға экспорттау бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.