Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли мен Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрі Сорин Гриндеану арасындағы кездесудің басты тақырыбы болды

Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли мен Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрі Сорин Гриндеану арасындағы кездесудің басты тақырыбы болды

2024 жылғы 16 қаңтар, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрі Сорин Гриндеанумен кездесті.

Тараптар көліктің әртүрлі ынтымақтастық пен үйлестіру қатынастарын ілгерілетудің нақты жолдарын талқылады.

Елші екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытудың бар әлеуеті туралы хабардар етті. Темір жол және теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастықты арттырудың орындылығы танылды.

Тараптар Қазақстан мен Румынияның көлік министрліктері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жобасына қол қоюға дайындық барысын пысықтады.

Әңгімелесушілер екі елдің көлік министрліктері басшылығының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін де талқылады.