Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли Румыния Ұлттық Банкінің Төрағасы Мугур Исарескумен кездесуі барысында банк секторының мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли Румыния Ұлттық Банкінің Төрағасы Мугур Исарескумен кездесуі барысында банк секторының мәселелері талқыланды

2023 жылғы 14 желтоқсан, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли Румыния Ұлттық Банкінің Төрағасы Мугур Исарескумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қаржы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге назар аударды.

Ақша-несие саясаты, қаржылық тұрақтылық, банк секторын дамыту және қаржылық технологиялардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Банк секторындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы Үкіметаралық комиссияның, сондай-ақ Орталық Азия, Қара теңіз аймағы және Балқан елдері Орталық банктерінің басқарушылар клубы аясындағы мәселелер талқыланды.

Тараптар диалогты жалғастыруға және алдағы уақытта осындай кездесулерді өткізуге өзара мүдделілік танытты.