«KAZLOGISTICS» көліктік-логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы бас директорының Румынияға жұмыс сапары туралы

«KAZLOGISTICS» көліктік-логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы бас директорының Румынияға жұмыс сапары туралы

2023 жылғы 21 қарашада Констанца портында «KAZLOGISTICS» КҚО бас директоры Е.Абсатов бастаған қазақстандық делегация порт басшылығымен, румындық тасымалдаушылар қауымдастығымен, сондай-ақ Румыния темір жол кәсіпорындары өкілдерімен кездесуі өткізді.

Кездесу барысында тараптар Румынияның порттары мен инфрақұрылымын пайдалана отырып, «Орта дәліз» бағыты бойынша қазақстандық жүктерді жеткізуді оңтайландыру мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан тарапы Орталық Азия аумағы арқылы батыс бағытта мультимодальды көлік қатынасын орнатудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ румын тарапына Қазақстанның көліктік-логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендіктерін растап, жақын арада екі елдің көлік компаниялары мен тасымалдаушылары арасында байланыс орнатуға келісті.