Румынияда қазақ мәдениеті күндері өтті

Румынияда қазақ мәдениеті күндері өтті

Клуж-Напока, 3-5.11.2023 ж. – ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар желісінде «Кино қаласы» атағына ие болған Румынияның Клуж-Напока қаласында Қазақстанның Бухаресттегі Елшілігі мен Құрметті Консул Штефан Гадоланың көмегімен қазақ мәдениеті күндері бесінші рет өтті.

Румын көрермендерінің назарына режиссер Рүстем Әбдірашовтың қазақ халқының құрылу тарихы туралы баяндайтын «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы: Алтын тақ» атты фильмдер ұсынылды.

Сонымен қатар, режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының қатысушысы, 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының өкілінің өмірі мен қызметі туралы «Мұстофа Шоқай» атты көркем фильмі көрсетілді.

Іс-шараның ашу салтанаты барысында Елшіліктің Кеңесші- уәкілі Қайрат Қарабаев Қазақстанның негізгі тарихи кезеңдері туралы баяндап, Қазақстан Республикасы күнінің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған кино көрсетілімі румын көрермендерінің кең ауқымы үшін отандық кинематографтың картиналары арқылы еліміздің мәдениеті мен тарихымен танысуға тамаша мүмкіндік болғанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат мәдениет күндерін өткізу Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мен кеңейтудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

Іс-шара аясында Румынияда тұратын дарынды қазақстандық суретші Алуа Тебенованың суреттері мен есту және сөйлеу, көру, интеллект бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілердің «Әлем балалардың көзімен» атты көрмелері өтті.

Клуж-Напока Румынияның ірі экономикалық, әкімшілік және мәдени орталығы. Көлемі бойынша екінші орында, аймақтағы ең көне қалалардың бірі.

Клуж-Напока бай мәдени мұраға ие (көптеген қамалдар, сарайлар, ботаникалық бақтар, мұражайлар мен саябақтар бар). Қалада кинофестивальдер, джаздан бастап заманауи поп-музыкаға дейінгі барлық жанрдағы концерттер, театрландырылған қойылымдар үнемі өткізіліп тұрады.