Румыния депутаттар Палатасының сыртқы саясат Комитетінің төрағасымен кездесу туралы

Румыния депутаттар Палатасының сыртқы саясат Комитетінің төрағасымен кездесу туралы

Бухарест, 24.10.2023 ж. – Қазақстан Елшісі Ерлік Алидің Депутаттар Палатасының сыртқы саясат комитетінің төрағасы Розалио Биромен келіссөздерінің негізгі тақырыбы парламентаралық байланыстарды кеңейту болды.

Кездесу барысында тараптар парламентаралық диалогты, әсіресе екі елдің заң шығарушы органдары комитеттерінің деңгейінде дамытудың маңыздылығын растады.

Атап айтқанда, парламенттік қызмет тәжірибесімен танысу, сондай-ақ ЕКПА және ЕҚЫҰ ПА сияқты халықаралық ұйымдарда тараптардың өзара іс-қимылы мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Парламенті депутаттарының 2024 жылы Румынияға жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстандық дипломат сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты әріптестіктің перспективалары туралы айтып берді.

Келіссөздердің аса назар бөлінген тақырыбы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, сондай-ақ еліміздің, атап айтқанда, ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық бастамалары болды.