
2023 ж. 17 қазан, Бухарест - Парламент ғимаратында алғаш рет (әлемдегі екінші ең ірі әкімшілік ғимарат) «Румыниямен жан-жақты әріптестікке баса назар аудара отырып, Қазақстандағы реформалар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған Парламент басшылығы, сондай-ақ болу елінің сараптамалық қоғамдастығы өкілдерінің кең ауқымы қатысты.
Қазақстаның Елшісі Ерлік Әли іс-шараға қатысушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде болып жатқан жаңа экономикалық бағыттың, ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысымен егжей-тегжейлі таныстырды.
Достық тобының төрағасы, сенатор Кристиан Цыгырлаш Қазақстан Орталық Азиядағы ең маңызды ойыншы екенін, реформалар арқылы бүкіл аймақтағы өзгерістердің қозғалтқышы бола алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Румынияның табысты қарым-қатынастарының тарихы экономикалық және көлік салаларындағы түрлі жобаларды іске асыру үшін негіз болып табылатыны атап өтілді.
Депутаттар палатасының Халықаралық істер жөніндегі комиссиясының вице-президенті Анди-Люциан Кристеа халықаралық аренадағы қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстан тұрақтылық пен өркендеу аралы болып қала беретінін атап өтті.
Сенат депутаты Бен-Они Арделан экономикалық дамуға бағытталған қазақстандық реформалар уақтылы болып табылатынын және Румыниямен екіжақты қатынастарды нығайтуға, атап айтқанда, екі елдің кәсіпкерлері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға серпін беретініне назар аударды.
Жанжалдардың алдын алу орталығының директоры Нарциз Балашойу Қазақстан өзінің саяси бастамаларымен танымал екенін және бүкіл демократиялық әлем елімізде орын алып жатқан өзгерістерден көзін алмай отырғанын айтты. Бұл ретте ЕО, үшін Қазақстан геосаяси картадағы аса маңызды елдердің бірі болып табылатыны айтылды, бұл да өзара сауда мен инвестициялардың өсуімен расталады.
Саясаттану және халықаралық қатынастар институтының директоры Дан Дүнгачиу Қазақстанның саяси жаңаруға және еліміздің халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды трансформациясының атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан мен Румыния өз өңірлерінде көшбасшы бола отырып, өзара сауда мен инвестиция көлемін ұлғайтуға тиіс.
Жалпы, сарапшылар іргелі реформалардың дұрыстығы мен уақтылылығын растап, олардың табысты іске асырылуы мемлекеттік басқаруды трансформациялауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және жаңа әділ Қазақстанның құрылысын аяқтауды жеделдетуге мүмкіндік береді екенін пікір білдірді.
Іс-шара соңында қатысушыларға румын тіліне аударылған Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»» атты Жолдауы табысталды.