Румыния Парламенті Сенатының Төрағасы: Қазақстан Орталық Азиядағы біздің басты серіктесіміз болып табылады

Румыния Парламенті Сенатының Төрағасы: Қазақстан Орталық Азиядағы біздің басты серіктесіміз болып табылады

17.10.2023 ж., Бухарест – халықаралық аренадағы экономикалық әріптестік пен ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, саяси диалогты тереңдету Қазақстан Елшісі Ерлік Әли Парламент Сенатының Төрағасы Николае Чукэмен келіссөздердің негізгі күн тәртібіне айналды.

Кездесу барысында тараптар жоғары деңгейде де, парламентаралық дипломатия желісі бойынша да байланыстарды жандандырудың өзара міндеттемесін растай отырып, Қазақстан-Румыния өзара іс-қимылының кең ауқымды мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Сонымен қатар, тараптар «жасыл» энергетика ғылымы мен технологиялары, химия өнеркәсібі және білім беру сияқты салалардағы өзара іс-қимылды арттыруға өзара қызығушылық танытты.

Қазақстан Елшісі Румыния Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі болып табылатынына назар аударды. Атап айтқанда, ЕО-мен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім және ЕО-ның Орталық Азия бойынша Стратегиясы шеңберінде Бухарестпен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігі айтылды.

Е. Әли сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінетініне және Румыния – Қазақстанның Шығыс Еуропадағы № 1 сауда серіктесі, сондай-ақ Еуропада 5-ші және әлемде 10-шы орында екенін атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық экспортты 500 млн. долларға дейін әртараптандыру перспективалары бар.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Сенат Төрағасы Румыния үшін Қазақстан энергетика секторы үшін қажетті импорт тұрғысынан ерекше экономикалық қызығушылық тудыратын Орталық Азия өңіріндегі негізгі әріптес болып табылатынын мәлімдеді.

Бұл ретте, Н. Чукэнің пікірінше, 2023 жылғы қыркүйекте Румыния мен Қазақстан Президенттерінің БҰҰ БА алаңдарындағы кездесуі екіжақты саяси қатынастарды болашақта экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін деңгейге көтерді. Атап айтқанда, экономикалық алмасулар тұрақты өсу әлеуетіне ие және барлық салалардағы қатынастардың нығаюына мүмкін беретіні атап өтілді.

Сонымен қатар, Н. Чуке елдер арасындағы қатынастарды нығайтудағы парламенттік дипломатияның ерекше рөлін атап өтті, сондай-ақ парламентаралық диалогтың жемісті болуына қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салуды жалғастыруға ниет білдірді.  

Кездесу соңында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасылды.