Энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері Қазақстан Елшісі мен Румынияның Энергетика министрі арасындағы кездесуі барысында талқыланды

Энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері Қазақстан Елшісі мен Румынияның Энергетика министрі арасындағы кездесуі барысында талқыланды

2023 жылғы 16 қазан, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли Румынияның Энергетика министрі Себастьян Бурдужамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында энергетика, геологиялық барлау, жер қойнауын пайдалану және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

2024 жылы Бухарестте өтетін Қазақстан мен Румыния арасындағы Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті 17-ші отырысына мұқият дайындықтың маңыздылығы атап өтілді.

Әңгімелесушілер екі елдің энергетика министрліктері басшылығының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралар кестесіне де тоқталып өтті.