
03.10.2023 ж., Бухарест – бүгін Қазақстан Елшісі Ерлік Әлидің Румыния Премьер-Министрінің сыртқы саясат және стратегиялық мәселелер жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі Николае Комэнескумен кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында тараптар саяси саладағы жан-жақты әріптестікті талқылап, экономикалық дипломатияны жандандыруға келісті. Атап айтқанда, энергетика, IT, көлік және туризм сияқты салалардағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, Еуропалық Одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылды қоса алғанда, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасу өтті.
Жалпы, келіссөздер қорытындылары Қазақстан мен Румыния арасындағы ынтымақтастықтың сенімді сипатын, әсіресе тараптардың саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайындығын растады.