Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли Бухарест политехникалық университетінің Ректорымен кездесу өткізді

Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли Бухарест политехникалық университетінің Ректорымен кездесу өткізді

0910.2023 ж. Бухарест - Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли Бухарест политехникалық университетінің Ректоры Михнеа Костоиумен кездесу өткізді, кездесу барысында тараптар жоғары білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерінің спектрін талқылады.

Келісу барысында жоғары білім беру жүйесі және осы салада жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат алмасты. Елші ғылыми-білім беру саласы елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтіп, оны одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Ректор өз тарапынан Румыния жоғары оқу орындары, атап айтқанда Румыния политехникалық университеті шетелдік студенттер үшін, оның ішінде Қазақстаннан келген студенттер үшін ашық екенін және түрлі мамандықтар бойынша оқу үшін арнайы гранттар беруге дайындағын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Румынияның жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыс орнату, оның ішінде студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен алмасуды одан әрі кеңейту мақсатында терең пікір алмасу болды.

Айта кететін жайт, 2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Бухарест политехникалық университеті арасында Ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, бұл екі елдің білім беру қызметіне қатысты инновациялық, ғылыми, оқу және басқа салаларда байланыс орнатуға және ынтымақтастықты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында тараптар келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.