
2023 жылғы 2 қазан, Бухарест – Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли «Nuclearelectrica» S.A. бас директоры Космин Гицымен кездесуі барысында атом энергетикасы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ мен «Nuclearelectrica» S.A энергетика компаниясының алдағы өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Атом өнеркәсібін дамыту, заманауи ядролық технологияларды қолдану, оның ішінде қуаттылығы аз модульдік реакторларды салу, сондай-ақ осы бағыттағы ұлттық заңнамалық базаны жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасу болды.
Сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу және атом өнеркәсібінде білікті кадрларды тәжірибелік оқытуға қатысты шаралар талқыланды.