
2023 жылғы 27 қыркүйек, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли Румынияның Қаржы министрі Марчел-Йоан Болошпен кездесу өткізді, оның барысында қаржы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Әңгімелесу барысында салық салу және салықтық әкімшілендіру тәжірибесі, атап айтқанда экономиканың мұнай-газ секторларында жұмыс істейтін компаниялар үшін үстеме пайдаға корпоративтік салықты қолдану мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу болды.
Қазақстан-Румыния экономикалық қарым-қатынастарының маңызы мен әлеуетін түсіне отырып, қолайлы инвестициялық ахуалды сақтау мақсатында екіжақты диалогты жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ Румыниядағы «KMG International N.V.» компаниясының қаржылық және инвестициялық қызметіне қатысты мәселелер қаралды.
Әңгімелесу соңында тараптар бұл мәселелерді екі елдің тиісті министрліктері мен ведомстволарының сарапшылары деңгейінде талқылауды жалғастыруға келісті.