
26.09.2023 ж. Бухарест – Парламентаралық дипломатияны дамыту, еліміздегі ауқымды реформалар және екіжақты әріптестіктегі жаңа перспективаларын Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли мен Қазақстан-Румыния достық тобының төрағасы, Румыния Парламентінің сенаторы Кристиан Никулеску-Цыгырлаш арасындағы келіссөздердің негізгі тақырыбына айналды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, екі ел парламентарийлерінің сапарларын жандандыру, сондай-ақ ЕКПА мен ЕҚЫҰ ПА арқылы тәжірибе алмасуға және өзара қолдауға ерекше назар аудару туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар саяси қарым-қатынастың жоғары деңгейін растады, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда.
Келіссөздердің жеке тақырыбы Қазақстандағы жағдай болды. Атап айтқанда, Елші Е.Әли румын сенаторын еліміздің сыртқы саясаты мен экономикасындағы негізгі басымдықтар, «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.