Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли мен Румынияның Зерттеу, инновациялар және цифрландыру министрі Богдан-Груя Иван арасындағы кездесу барысында цифрландыру саласындағы мәселелер талқыланды

Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли мен Румынияның Зерттеу, инновациялар және цифрландыру министрі Богдан-Груя Иван арасындағы кездесу барысында цифрландыру саласындағы мәселелер талқыланды

2023 жылғы 25 қыркүйек, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли Румынияның Зерттеу, инновациялар және цифрландыру министрі Богдан-Груя Иванмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында румындық тарапқа Қазақстанның цифрландыру саласындағы елеулі табыстары, елдің мемлекеттік басқару жүйесін цифрлық трансформациялау жұмыстары туралы, атап айтқанда, «электронды үкімет» порталының, «Smart Bridge» және «eGov» мобильді қосымшасы қызметтері туралы толық ақпарат ұсынылды.

Технологиялық кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында Қазақстанның Елшісі румын тарапын «AstanaHub» технопаркімен белсенді ынтымақтастыққа шақырып, Қазақстан мен Румыния университеттері арасында IT және жаңа технологиялар саласында ведомствоаралық байланыс орнатуды ұсынды.

Өз кезегінде министр Қазақстанның орасан зор әлеуеті мен дамуының инновациялық деңгейін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықтың келешегін атап өтті және Қазақстан мен Румынияның «цифрлық» бастамаларын жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің тиісті министрліктері арасында тиісті құжат жасауға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзара қолайлы бағыттарын анықтау үшін жақын арада сарапшылық кездесулер ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.