2023 жылғы 25 қыркүйек, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли «Romgaz» бас директоры Разван Попескумен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар энергетика, геологиялық барлау, жер қойнауын пайдалану және инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Энергия ресурстарын тасымалдау және қайта өңдеу, жабдықтар мен бөлшектерді бірлесіп өндіру, мұнай-газ секторының мақсаттары үшін жаңғырту, реконструкциялау және жөндеу салаларында пікір алмасу болды.
Көлік саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, жаһандық тұрақты даму мен экономикалық интеграцияның ажырамас факторларының бірі болып табылатын заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар өзара мүдделі ынтымақтастық бағыттарын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында тығыз жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.