Қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли және Румынияның Қоршаған орта, су және орман шаруашылығы министрі Мирча Фекетпен кездесуінде талқыланды

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлік Әли және Румынияның Қоршаған орта, су және орман шаруашылығы министрі Мирча Фекетпен кездесуінде талқыланды

2023 жылғы 18 қыркүйек, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли Румынияның Қоршаған орта, су және орман шаруашылығы министрі Мирча Фекетпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар экология, климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелерді талқылады, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану саласындағы мемлекет саясаты туралы ақпарат алмасты.

Жаһандық климаттық дағдарыс жағдайында қалдықтарды басқару, климаттың өзгеруі және ауаның ластануы жөнінде де пікір алмасылды.

Қазақстан Елшісі әңгімелесушіге Халықаралық Аралды құтқару қорының мемлекет-құрылтайшылары басшылары кеңесі отырысының қорытындылары, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Арал теңізі бассейнінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша қабылдаған шешімдері туралы қысқаша ақпарат берді.

Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың проблемалық мәселелерін шешу үшін Қазақстанда жаңа ведомство – Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғанын хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің мүдделі министрліктері арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиісті құжат жасасуға мүдделілік танытты. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзара қолайлы бағыттарын анықтау үшін жақын арада сарапшылар кездесуін ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.