Румынияда Қазақстанмен Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Румынияда Қазақстанмен Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық талқыланды

2023 жылғы 5 қыркүйекте, Бухарест - Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли Румынияның Білім министрі Лиджия Декамен кездесу өткізді. Кездесу барысында дипломатиялық өкілдіктің басшысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Нұртілеудің а. ж. күзінде Румынияға сапары туралы хабарлады.

Кездесу барысында жоғары білім беру жүйесі және осы салада жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат алмасты. Министр Румыния жоғары оқу орындары шетелдік студенттер үшін, оның ішінде Қазақстаннан келген студенттер үшін ашық екенін атап өтіп, түрлі мамандықтар бойынша, соның ішінде IT технологиялар саласында оқыту үшін арнайы грант бөлу дайындығына назар аударды.

Сонымен қатар, жоғары білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерінің кең ауқымын талқылады.

Кездесу соңында тараптар келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, оның ішінде екі елдің шарттық-құқықтық базасын кеңейту шеңберінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.