Румынияның Еңбек және әлеуметтік ынтымақтастық министрі Симона Букура-Опрескумен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Румынияның Еңбек және әлеуметтік ынтымақтастық министрі Симона Букура-Опрескумен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

2023 жылғы 5 қыркүйек, – Қазақстанның Елшісі Ерлік Әли Румынияның Еңбек және ынтымақтастық министрі Симона Букура-Опрескумен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады. Қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасы Үкіметінің еуропалық бағыттағы экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті.

Әңгімелесушілер сонымен қатар «ҚазМұнайГаз Интернешнл» компаниясы мен оның қазақстандық энергетикалық ресурстарды Еуропаға экспорттаудағы белсенді қызметінің өзекті мәселелерін қарастырды.

Румынияда жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды.