Оңтүстік-Шығыс Еуропаның Құқық қорғау орталығының басшысымен кездесу өтті

Оңтүстік-Шығыс Еуропаның Құқық қорғау орталығының басшысымен кездесу өтті

26.07.2023, Бухарест – Бүгін Қазақстанның Елшісі Ерлік Ш.Әли Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы Құқық қорғау орталығының (SELEC) бас директоры Огуз Акынмен кездесті.

* SELEC – Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен күресу үшін полиция мен кеден органдарының ресурстары мен тәжірибесін біріктіретін халықаралық құқық қорғау ұйымы.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны еліміздегі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған реформалары мен бастамаларын жүзеге асыру барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Келіссөздер барысында тараптар құқық қорғау қызметін күшейту үшін көпжақты форматта ынтымақтастық орнатуға мүдделілік танытты.