
Бухарест, 2023 ж. 26 шілде – Қазақстанның Елшісі Ерлік Ш. Әли Бухарест Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Юлию Стоклосамен кездесіп, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттырудың орасан зор әлеуетін атап өтті және әлемдік өзгеріс аясындағы сауданың жағдайларын талқылады.
Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, біздің үкіметтің шетелдік инвестиция субъектілерін қорғау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті, сондай-ақ энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, жүк тасымалдау және т.б. салаларындағы ынтымақтастықты арттыруды ұсынды. Ақтау және Констанца порттарының Орта дәліз жолында қолайлы орналасуын ескере отырып, Елші екі елдің көліктік-логистикалық компаниялары арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын, Румыния порттары Орталық Азиядан келетін тауарлар үшін Еуропаға балқандық терезе бола алатынын атап өтті.
Айта кету керек, Бухарест Сауда-өнеркәсіп палатасының 150 жылдық қызмет тарихы бар және қазіргі уақытта олардың мүшелері Румынияның жалпы ішкі өнімінің 25% құрайды. Осы орайда Стоклоса екі елдің кәсіпкерлерін одан әрі жақындастыру үшін экономикалық салада бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға мүдделі екенін білдірді.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар екі елдің екіжақты жобалары мен бизнес-қоғамдастықтарын қолдау бойынша бірлесе белсенді күш салуды жалғастыруға келісті.