ТРАСЕКА алғашқы пилоттық тасымалдауды жүзеге асырды

ТРАСЕКА алғашқы пилоттық тасымалдауды жүзеге асырды

ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығы Литва – Польша – Словакия – Венгрия – Румыния – Болгария – Қара теңіз – Грузия – Әзірбайжан – Каспий теңізі – Қазақстан мультимодальды бағыты бойынша жүктерді жартылай тіркеме тартқыштармен алғашқы пилоттық тасымалдауды  16 күнде жүзеге асырды. 
Тасымалдау Әзірбайжан, Болгария, Грузия, Қазақстан және Литва көлік саласындағы уәкілетті министрліктердің қолдауымен, сондай-ақ кеден органдарының және Варна, Батуми, Баку және Құрық теңіз порттарының белсенді атсалысуымен мүмкін болды.