Қазақстанның Елшісі Ерлік Ш. Әли Еуропалық Комиссия делегациясының басшысы Юлия-Рамона Кириакпен кездесті

Қазақстанның Елшісі Ерлік Ш. Әли Еуропалық Комиссия делегациясының басшысы Юлия-Рамона Кириакпен кездесті

2023 жылғы 14 маусымда Қазақстанның Елшісі Ерлік Ш. Әли Еуропалық Комиссия делегациясының басшысы Юлия-Рамона Кириакпен кездесіп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.


Атап айтқанда, Елші визасыз режим, инвестиция, Орта дәлізді дамыту, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, жасыл энергетика, білім, ғылым және инновация саласындағы ынтымақтастық және т.б. негізгі маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды.


Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өткен Р.Кириак Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығының күн тәртібін жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін білдірді.