Румынияда Қазақстандық кино күндері сәтті өтті

Румынияда Қазақстандық кино күндері сәтті өтті

06.06.2023 ж., Констанца - 6-7 маусым аралығында Констанца қаласында (Румыния) Қазақстандық кино күндері сәтті өтті.

Іс-шараны Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі ҚР-ның Констанца қаласындағы Құрметті консулы Корина Мартиннің көмегімен ұйымдастырды.

Кино күндерінің ашылуы және одан кейінгі көрсетілімдер көптеген көрермендерді жинады, олардың арасында қала басшылығы, киносыншылар, дипломатиялық корпус өкілдері, бизнес-топтар, Констанца қаласының тұрғындары мен қонақтары болды.

Фестивальдің ашылу күні Жан Константин атындағы ең беделді кинотеатрдың экранында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» ауқымды тарихи-қаһармандық киноэпосы көрсетілді.

Екінші күні қала тұрғындарына отандық жас режиссерлердің өмірдегі басты нәрсе - Отанға деген сүйіспеншілік пен оның отбасы екенін түсінетін адам туралы баяндайтын «Қарашаңырақ» және қарапайым отбасылар арасындағы қарым-қатынастар туралы «Жаңғақ тал» романтикалық комедия фильмдерін тамашалауға мүмкіндік берілді.

К. Мартин өзінің құттықтау сөзінде екіжақты қатынастарды дамыту үшін мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, мұндай іс-шараларды өткізу достықты нығайтуға және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге ықпал ететіні сөзсіз деді.

Іс-шара аясында Румын жұртшылығының назарына Абайдың «Қара сөздері» және Қ.К.Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты румын тіліне аударылған кітаптары мен сурет көрмесі ұсынылды.

Айта кететін жайт, 2015 жылдан бастап Бухарестте қазақстандық кино Фестивалі өткізіліп келеді, ал 2017 жылдан бастап жыл сайын қазақстандық кино күндері Констанца және Клуж-Напока қалаларында өткізіледі.