Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы

Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы

Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың бірінші тоқсанында 690 миллион АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға жоғары.


Елдер арасындағы айналымдағы негізгі тауарлар шикі мұнай, уран, табиғи газ, дәрі-дәрмек, тұрмыстық техника, электр плиталары, жүгері және т.б.


Сәйкесінше, Қазақстаннан Румынияға экспорт 36,3%-ға өсіп, 665 миллион АҚШ долларын құрады. Ал импорт 45,7%-ға өсіп, 25 млн АҚШ долларын құрады.


Айта кететін жайт, өткен жылы тауар айналымы 2,7 миллиард АҚШ долларына жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 69,1%-ға жоғары болды.