
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Румынияның Клуж-Напока техникалық университетімен (UTC-N) келісімге қол қойды. Екі жақты ғылыми байланыс орнату туралы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасы Клуж-Напока техникалық университетінің ректоры Василе Топа тарапынан қолдау тапты. Ең алдымен екі университет арасында оқытушылар мен студенттер алмасу, ортақ жобалар жасау туралы еуропалық Эрасмус+ бағдарламасына қол қойылған болатын.