Қазақстан мен Румыния арасындағы байланыстар нығайтылуда

Қазақстан мен Румыния арасындағы байланыстар нығайтылуда

23.05.2023, Бухарест – Елші Е. Әли Румыния Сыртқы істер министрлігінің Шығыс көршілермен байланыс департаментінің бас директоры Д.Янкумен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.

Анықтама үшін: 2023 ж. алғашқы 3 айында елдер арасындағы сауда 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға өсіп, 690 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстандық дипломат Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) аясында Ақтау және Констанца порттары арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.