
2023 жылғы 19 мамыр, Бухарест – Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Ш. Әли Румыния Сыртқы істер министрлігінің Жаһандық істер және дипломатиялық стратегия бойынша Мемлекеттік хатшысы Траян Христеамен кездесті.
Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сауда, транзит-көлік, энергетика және IT салаларындағы Еуропалық Одақ – Қазақстан және ЕО – Орталық Азия бағытындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Е.Әли Қазақстанның сыртқы саяси жолындағы соңғы жаңалықтармен бөлісті: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қытайға сапары, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Брюссельге сапары, бұл күндері Алматыда өтіп жатқан ЕО-ОА экономикалық форумы. Осыған байланысты тараптар Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында екіжақты кездесулер өткізуге мүмкіндік беретін осы Экономикалық форумға румын делегациясының қатысуының уақтылылығын атап өтті.
Румын дипломаты Қазақстан әрқашан Орталық Азиядағы маңызды серіктес болғанын және бола беретінін айтты. Т.Христеа Қазақстанның екіжақты және көпжақты форматтағы бастамаларын қолдайтынына сендірді.
Ынтымақтастыққа ниет білдіргені үшін ризашылығын білдірген Елші Е.Әли Қазақстан басшылығының жақын арада Румынияға сапарын ұйымдастырудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.