
2023 жылғы 25-27 сәуір, Бухарест – Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің белсенді атсалысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы «Кибердипломатия және одан тыс: жаңа цифрлық дәуірдегі перспективалар» атты 2-ші халықаралық конференциясы және «Critical Infrastructure Protection» 6-шы форумына қатысты.
ҚР ЦДИАӨМ өкілдері сөйлеген сөздерінде елде қабылданып жатқан киберқауіпсіздік шаралары (BugBounty платформасы, Astana HUB, киберқауіпсіздік орталықтары, ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қою қызметтері) туралы айтып, маңызды инфрақұрылым объектілерін қорғау мақсатында тәжірибе алмасуды ұсынды.
Оның сыртында қазақ делегациясы Информатика зерттеулері ұлттық институтының бас директоры А.Веверамен кездесу өтіп, оның Астанаға сапары барысында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жөнінде уағдаласты.
https://cip-forum.ro/about-conference/
https://cyberdiplomacyconference.com/