2023 ж. бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасы 4,9% өсті

2023 ж. бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасы 4,9% өсті

Бүгінде ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты өсу жолына түсті.

Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы экономикамыздың нақты өсуі 3,2%-ды құрады. Елімізге 28 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18% өсім қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 8%-ға ұлғайды. Сыртқы сауда айналымы 32%-ға өсіп, 134 млрд. доллар болды. Жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27%-ға артып, 1,8 млн-нан асты. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға өсіп, 3,9 млн адамға жетті. Нәтижесінде экономикадағы ШОБ үлесі қазірдің өзінде 36%-ды құрады (бір жыл бұрын 33,5%).

Қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,9%-ды құрады. Барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика қалыптасып отыр:

құрылыста – 16%;

саудада – 12%;

көлік саласында – 8%;

өңдеу өнеркәсібінде – 5,4% өсім тіркелді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі үш айда 16%-ға, ал мемлекеттік бюджет кірісі 24%-ға артты.

Бұл өз кезегінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын, нақты сектор мен инфрақұрылымды дамытуға қосымша 2,2 трлн теңге бөлуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд. доллар құрады. Атап айтқанда, өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд-қа өсіп, 58 млрд. доллар құрады.

Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor's агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.