Тоқаев: елдің сыртқы саясаты әрдайым дербес болады

Тоқаев: елдің сыртқы саясаты әрдайым дербес болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясаты әрдайым дербес болатынына сендірді, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақстан – өз геосаяси аймағында осындай ауқымды реформалар жасап жатқан бірден-бір ел. Жаңартылған Конституция және елімізде болып жатқан өзгерістер – осының айқын дәлелі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев

«Біздің басты міндетіміз-егемендікті нығайту және ұлттық мүдделерімізді қорғау. Сондықтан Қазақстан белсенді халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды жалғастырады, ал елдің сыртқы саясаты әрдайым дербес болады. Біздің барлық жетістіктеріміз қоғамдағы бірлік пен келісімнің арқасында мүмкін болды. Қандай да бір қиындықтарға қарамастан, біз жоспарланған жолдан бас тартпаймыз. Тек осылай ғана біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз, ал Қазақстан нағыз прогрессивті, жасампаз және озық елге айналады», - деп сендірді Мемлекет басшысы.