Румыния Сенатының спикері: біз Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі нығайта береміз

Румыния Сенатының спикері: біз Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі нығайта береміз

21 наурыз, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Парламенті Сенатының Төрағасы Алина Горгиумен кездесу өткізді, оның барысында әңгімелесушілер Қазақстан мен Румыния арасындағы соңғы жылдардағы саяси байланыстардың сапалы өскенін атап өтті.
А.Горгиу өзінің 2021 жылғы Қазақстанға жемісті сапарын жылы лебізімен еске алып, онда қазақстандық әріптестермен бірге парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жоспарларын талқылағанын атап өтілді.
Бұл тұрғыда ол Румыния парламентшілерінің өткен Мәжіліс сайлауына ЕҚЫҰ ПА байқаушылары ретінде қатысқанын атап өтті.
Өз кезегінде қазақстандық дипломат Қазақстандағы депутаттар сайлауының қорытындылары мен елімізде саяси және әлеуметтік-экономикалық салада жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті.
Спикер Қазақстан 30 жылдан астам уақыттан бері Румынияның маңызды серіктесі болып табылатынын, онымен қарым-қатынас нығая түсетінін айтты.