
Бухарест, 2022 жылғы 20 наурыз – Елші Нұрбах Рүстемовтың Румынияның бұрынғы Президенті Эмиль Константинескумен кездесуінде Қазақстан-Румыния қарым-қатынасының тарихы мен болашағы талқыланды.
Тараптар ынтымақтастық жылдарында екі ел Қазақстан – Еуропалық Одақ арқылы да, екіжақты ынтымақтастық форматында да саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған өзара сенімді және сындарлы іс-қимылды қалыптастырғанын атап өтті.
Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Румыния арасындағы жыл сайын қарқын алып келе жатқан транзиттік-көліктік ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті.
Өз кезегінде румын саясаткері Қазақстан мен Румыния арқылы Азияны Еуропамен байланыстыру оның осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын ел басшылығы кезіндегі арманы болғанын, бүгінде оның жүзеге асырылу барысын үлкен қанағатпен бақылап отырғанын атап өтті.