Румыния Президентінің Әкімшілігінде ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

Румыния Президентінің Әкімшілігінде ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

Ү.ж. 15 наурызда Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов пен Румыния Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ион Опришордың кездесуі өтіп, оның барысында барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты іс-қимылдар талқыланды.

Жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, сауда-экономикалық байланыстардың әлеуетін ашу, транзиттік-көлік ынтымақтастығын дамытуға белсенді жәрдемдесу, сондай-ақ авиация саласында тәжірибе алмасу және кадрларды даярлау басты талқылау тақырыбы болды.  Елші Н.Рүстемов біздің елдеріміз арасындағы ашық және өзара тиімді достық қарым-қатынастар жыл сайын әртараптанатын тауар айналымының ұлғаюына әкелгенін атап өтті.

Өз тарапынан Президенттің кеңесшісі әріптестік деңгейін арттыруға мүдделі болып, Орталық Азиядағы маңызды серіктес – Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуда ынтымақтастыққа дайын екенін көрсетті.