Румыния депутаттары қазақстандық сайлау жүйесіне қызығушылық танытты

Румыния депутаттары қазақстандық сайлау жүйесіне қызығушылық танытты

Ү ж. 15 наурызда Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Парламентінің депутаттары: Депутаттар палатасының вице-спикері Дан Барнамен, сондай-ақ Костел Дунава және Флорин Алексемен екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстандық дипломат румын парламентшілерін еліміздің басшылығы жүргізіп жатқан реформалармен таныстырып, екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.  Депутаттар биылғы 19 наурызда Қазақстанда өтетін сайлауға, оның дайындық барысы мен жалпы сайлау жүйесіне үлкен қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы сауда құрылымының шикізаттық емес бөлігін ұлғайту бойынша нақты іс-шаралар туралы пікір алмасу болды.  Осыған байланысты тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін ашу мақсатында бизнес өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастыру туралы келісімге келді.

Атап айтқанда, К.Дунава Румыния Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес деп санайтынын айтып, Қазақстан-Румыния экономикалық ынтымақтастығының күн тәртібін жүзеге асыруға өз тарапынан белсенді қатысатынына сендірді.