
2023 жылғы 2 наурызда Бухарестте Елші Нұрбах Рүстемов Премьер-Министрдің Мемлекеттік кеңесшісі Юлиан Кифумен кездесіп, оның барысында елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы жағдайы талқыланды.
Осы орайда тараптар екі елдің қолда бар әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін энергетикалық және транзиттік-көліктік ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.
Қазақстандық дипломат жүк тасымалының негізгі көпіріне айналып, Азиядан Еуропа елдеріне көлік бағыттарын дамытуда лайықты орын алатын Констанца мен Ақтау порттарының маңыздылығын атап өтті.