Румыния Қазақстанмен белсенді ынтымақтастықты жалғастырады

Румыния Қазақстанмен белсенді ынтымақтастықты жалғастырады

2023 жылғы 15 ақпан, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның бірқатар мемлекеттік және ғылым қайраткерлерімен – Ғылым академиясының президенті Йоан Поппен, Президенттің кеңесшісі, профессор Серджиу Нистормен, Экономика министрі Флорин Спатарумен және энергетика министрі Министр Вирджил Попескумен кездесулер өткізді.

Әңгімелесу барысында Елші Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес ауқымды ішкі қайта құруларды жалғастырып жатқанын атап өтті. Ол алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауы, оған дайындық барысы мен қатары артқан үміткер партиялар туралы хабардар етті.

Қазақстандық дипломат Румыния географиялық және экономикалық әлеуетінің арқасында Қазақстанның Шығыс Еуропадағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. Н.Рүстемов соңғы 3 жылда (2019 ж.– 1,8 млрд. АҚШ доллары, 2022 ж. – 2,6 млрд. АҚШ доллары) елдеріміз арасындағы екіжақты сауда көлемінің ұлғайғанына тоқталды.

Тараптар екіжақты бизнес-форумдар, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырыстары, мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес-құрылымдар арасындағы жеке кездесулер сауданың дамуына сөзсіз ықпал еткенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны атап өтілді. Оның жарқын дәлелі – Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория  мен «Отырар сазы» Академиялық оркестрі өткізген концерттер өткізілуі, Астанадағы Эминескудің, Бухаресттегі Абайдың, Меджидиядағы Құрманғазының мүсіндері, Астанадағы «Бухарест» пен Бухаресттегі «Қазақстан» алаңдары ашылуы және т.б.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Елші әңгімелесушілерге ұлттық нақыштағы бейнелер салынған естелік сыйлықтар табыс етті.