
14.02.2022 - Бухарест. Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Мәдениет министрі Лучиан Ромашканумен және Президенттің Кеңесшісі Луминица Одобескумен кездесіп, оның барысында тараптар біздің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін іске асырылған жобаларды қанағаттанарлықпен атап өтті.
Қазақстандық дипломат соңғы жылдардағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңеюі, сондай-ақ екі ел арасындағы транзиттік-көліктік байланыстың маңыздылығына негізделген стратегиялық әлеуеті бар екіжақты сенімді саяси қатынастарды атап өтті.
Президент Кеңесшісі Л.Одобеску екіжақты қарым-қатынастардың оң динамикасын баса айтып, конструктивті саяси өзара іс-қимылды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Өз тарапынан Мәдениет министрі Л.Ромашкану Елшіге біздің халықтарымызды жақындастыру үшін екі елдің ұлы ақындары – Абай мен Эминескуды мәңгілікке есте қалдыру, екі елдің астаналарында «Қазақстан» және «Бухарест» алаңдарын ашу бастамасы, румын қалаларында өткізілген концерттері және басқа да мәдени іс-шаралары үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар, Н.Рүстемов сұхбаттасушыларды Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізілген реформалардың жалғасы болып табылатын ағымдағы жылдың 19 наурызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы туралы хабардар етті.